Поиск

ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ

  • Мұны бөлісіңіз:
ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ

Ұлытау футбол клубынынң негізгі командасы Шымкент қаласындағы оқу-жаттығу жиынынан оралғаннан кейін команданың жаттығу процесіне Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков арнайы келіп қатысты.
Кездесу барысында Ұлытау футбол клубының бас бапкері аймақ басшысына команданың жаңартылған құрамын таныстырды. Атап айтқанда, құрамға жаңа ойыншылардың қосылғаны, олардың арасында легионерлер де бар екені айтылды. Сонымен қатар бапкер өткен маусымнан кейін командада қалып, клуб намысын қорғауды жалғастыратын футболшылар туралы да мәлімет берді.
Дастан Рыспеков команданы жаңа футбол маусымының басталуымен құттықтап, өткен жылдан бері клуб сапында өнер көрсетіп келе жатқан ойыншыларға алғыс білдірді және командаға жаңадан қосылған футболшыларға сәттілік тіледі.
Дастан Рыспеков өз сөзінде:
"Біз жергілікті билік ретінде сіздердің ойындарыңыз бен жаттығу процестеріңіздің қолайлы жағдайда өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар қаржылық мәселелерді де шешуге қолдау көрсетеміз. Биыл клубты қолдау үшін қосымша демеушілерді тартуға мүмкіндік туды", – деп атап өтті.
Әкімнің бұл сапары өңірлік билік тарапынан клубқа көрсетілген маңызды қолдау белгісі болып, жаңа маусым қарсаңында командаға қосымша мотивация берді.

Яндекс.Метрика