ҚФФ FIFA Arena жобасы аясында 100 жаңа кіші-футбол алаңдарын салады
Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды.
Жоба аясында Қазақстан мектептерінде заманауи талаптарға сай 100 кіші-футбол алаңдары салынады.
FIFA Arena аясяында әлем бойынша 1000 мектеп алаңды салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр және ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай болмақ. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.
FIFA Arena жобасы бойынша жасанды жамылғының жаңа түрі қолданылады. Бұл жабынға резеңке ұнтағы қолданылмайды, сондықтан экологиялық жағынан тиімді, күтіп-баптау жеңіл және балалар үшін қауіпсіз болмақ.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектептер тізімі бекітіледі. Содан кейін екі жыл ішінде 100 алаң салу жоспарланған. Алғашқы нысандар Хромтау мен Көкшетау қалаларында бой көтереді.