"Ұлытау" клубының бас бапкерінің ассистенті Сергей Александрович Пак пен дене дайындығы жөніндегі бапкер Шубаев Кенесбай Абдрахманович командамен қоштасады.
Сергей Александрович "Ұлытау" сапына өткен маусымның жазында қосылып, осы уақыт ішінде команданың дамуы мен нәтижелеріне елеулі үлес қосты.
Ал Кенесбай Абдрахманович "Ұлытаумен" бірге Екінші лигада жол бастап, клубтың қалыптасуы мен дамуындағы маңызды кезеңдердің тікелей қатысушысы болды.
"Ұлытау" клубы атынан қос маманға сіңірген еңбектері, кәсібилігі мен адалдығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы қызмет жолдарында табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
Рақмет, ағайын!