Поиск

Рақмет, Капитан!

  • Мұны бөлісіңіз:
Рақмет, Капитан!

Рақмет, Капитан! ⚡️

«Ұлытау» футбол клубы қорғаушы әрі команда капитаны Сергей Кейлермен қоштасатынын хабарлайды.

Сергей 2025 жылғы маусым қарсаңында клуб сапына қосылып, алғашқы күннен-ақ сенімді ойынымен, көшбасшылық қасиетімен және командаға деген жанкештілігімен жанкүйерлердің құрметіне бөленді.

Осы маусымда ол 17 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Алайда статистикадан да маңыздысы – оның алаңдағы мінезі, жеңіске деген жігері мен капитан ретінде командаға сіңірген еңбегі.

Сергей, «Ұлытау» футбол клубының дамуына қосқан үлесіңіз, адал еңбегіңіз және жанкүйерлерге сыйлаған жарқын сәттеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!✊🏼

Яндекс.Метрика