Бас бапкердің көмекшісі Марат Еслямов «Ұлытау» футбол клубындағы қызметін аяқтап, еңбек жолын Павлодардың «Ертіс» футбол клубының бас бапкері ретінде жалғастырады.Марат Жолдасұлы клубтағы жұмысы барысында өзін жоғары білікті маман, сенімді әріптес әрі өз ісіне адал бапкер ретінде көрсете білді. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және клубтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ұлытау» футбол клубы шынайы алғысын білдіреді.Марат Жолдасұлына жаңа қызметінде толағай табыс, жарқын жеңістер, мықты денсаулық және биік белестер тілейміз. Алдағы бапкерлік жолы жемісті болып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Рақмет, Марат Жолдасұлы!