Рақмет, Николай!
Клубымыздың шабуылшысы Николай Солодовников командамен қоштасып жатыр. Ол “Ұлытау” сапында 14 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды.
Осы уақыт ішінде өз ісіне деген жауапкершілігімен, алаңдағы еңбекқорлығымен және командалық рухымен есте қалды. Николайға бірге өткізген маусым үшін алғыс айтамыз.
Алдағы спорттық жолың жарқын болсын! Жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз. Жолың болсын, Николай!
Рақмет, Николай!
