Поиск

АЛЕКСАНДР АЛЕКСЕЕВИЧ КОНДРАТЮК

  • Мұны бөлісіңіз:
АЛЕКСАНДР АЛЕКСЕЕВИЧ КОНДРАТЮК

2026 жылғы 10 наурызда 71 жасында Жезқазған футболының белгілі өкілі, талантты футболшы Александр Алексеевич Кондратюк өмірден өтті.
Ол Минскінің "Динамо" клубының тәрбиеленушісі. Футболдағы кәсіби жолын 1977 жылы Минск қаласының "Трактор" командасында бастап, кейін Беларусьтің "Трактор" (Минск) және "Динамо" (Брест) клубтарында ойнады.
1982 жылы Жезқазғанға келіп, жергілікті жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді. Өзінің ең жарқын ойын жылдарын "Джезказганец"/"Металлург", никольскдік (қазіргі Сәтбаев) "Горняк" және 1987 жылы семейлік "Спартак" клубтарында өткізіп, осы командалар құрамында 200-ден астам матчқа қатысты.
Футболдағы ойыншы мансабын 1995 жылы аяқтады.
Жанкүйерлер мен бұрынғы әріптестері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, достарына және оны таныған барша жандарға шын жүректен көңіл айтады.

Яндекс.Метрика