“Ұлытау" футбол клубы өз сапын қазақстандық қақпашы Тимурбек Закировпен толықтырды.
Тәжірибелі қақпашы өткен маусымда "Тұран" клубының намысын қорғады. Әр жылдары ол "Бәйтерек", "Ордабасы", "Қызыл Жар", "Тараз" және "Шахтер" командаларында ойнаған.
Жасы: 29
Бойы: 1,89 м
Позиция: Қақпашы
Тимурбек Бірінші лиганың күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанған.
Тимурбек, "Ұлытау" отбасына қош келдің!
Қош келдің, Тимурбек!