2025 жылы 12 қыркүйекте Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2025 жылғы маусымда Премьер-лига клубтары арасындағы ҚР чемпионаты мен Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР біріншілігінің регламенттеріне өзгеріс енгізу, футзал бойынша регламенттерді бекіту және ұлдар мен қыздар арасындағы жасөспірімдер турнирлерін өткізу құқығын беру мәселелері қаралды.
Оған сәйкес, Атқару комитеті мынадай шешімдер қабылдады:
– 2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Премьер-лигасы регламентіне өзгерістер енгізілді:
"Чемпионат қорытынды кестесінде 14-орынды иеленген клубтар ҚР чемпионатынан шығып, 2026 жылғы маусымда Бірінші лига ойындарына қатысады".
"2025 жылғы маусымдағы Бірінші лига 1, 2 және 3-орын алған клубтар 2026 жылғы маусымда ҚПЛ-ға қатысу құқығын иеленеді. Алайда бұл оған қатысушы клубтардың құрылымына кіретін және олардың жастар құрамалары саналатын командаларға берілмейді.
Егер 2025 жылғы Бірінші лигада 1-, 2- немесе 3-орынды ҚПЛ құрылымына кіретін немесе оның жастар командасы иеленсе, онда ҚПЛ-ға қатысу құқығы турнирлік кестеде кейінгі орын алған және ҚФФ-ның тиісті лицензиясын алған клубқа беріледі".
– 2025 жылғы маусымдағы Бірінші лига регламентіне өзгерістер енгізілді.
"2025 жылғы маусымдағы Бірінші лигада 1-, 2- және 3-орын алған клубтар 2026 жылғы маусымда ҚР чемпионатына қатысу құқығын иеленеді. Бірақ мұндай құқық Премьер-лига құрылымына кіретін және олардың жастар командалары саналатын ұжымдарға берілмейді".
"Егер 2025 жылғы маусымдағы Бірінші лигада 1-, 2- немесе 3-орынды Премьер-лига құрылымындағы немесе жастар командасы иеленсе, онда ҚПЛ-ға қатысу құқығы кейінгі орынды иеленген басқа клубқа беріледі".
Футзал бойынша регламенттер бекітілді:
1. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-13 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
2. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-15 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
3. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
4. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-19 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты.
2025 жылы университеттер арасында Қазақстан қыздар футзал лигасын өткізу ережесі бекітілді.
– "Қазақстан жасөспірімдер футбол лигасы – Freedom" корпоративтік қорына 2026–2028 жылдардағы спорт маусымында жасөспірімдер арасындағы ұлдар командаларының (U15, U16, U17, U18) және қыздар командаларының (U17) чемпионаттарын өткізу құқығы берілді.
ИСТОЧНИК: kff.kz