Нұркен Қалдыбекұлы Мазбаев “Ұлытау” футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
Нұркен Мазбаев - қазақ футболының дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі бапкер әрі бұрынғы кәсіби футболшы. Ол бұған дейін бірқатар қазақстандық клубтарды жаттықтырып, жастар арасындағы футболды дамытуға ерекше көңіл бөлген. Жаңа қызметінде де ол өзінің тәжірибесі мен білімін Ұлытау өңірінің футболын көтеруге арнайды деп күтілуде.
Бас бапкердің көмекшісі ретінде жаттықтырушы Сергей Александорович Пак тағайындалды.
Клуб басшылығы жаңа жаттықтырушылар құрамына сенім артып отыр. Жалғасып жатқан маусымда команда жанкүйерлерін қуантатын нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз.
Клубтың жаңа бас бапкерін құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
Нұркен Қалдыбекұлы Мазбаев “Ұлытау” футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
